Мектеп психологінің құқықтары және міндеттері » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2022

Мектеп психологінің құқықтары және міндеттері

Мектеп психологінің құқықтары және міндеттері


Психолог міндеттері:

  • білім беру саласындағы республика заңдарын орындау;
  • шешім қабылдап, проблемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау;
  • өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;
  • нақты кәсіптік білімі жоқ адамдардың диагностикалық, коррекциялық зерттеулер жүргізуіне тыйым салу;
  • барлық мәселелерді шешуде балалардың психологиялық дамуын ескеру;
  • атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістері туралы  нұсқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орындау;
  • баланың психологиялық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажетті көмектерді көрсету;
  • кәсіптік құпияны жарияламау;
  • Барлық психологиялық зерттеу нәтижелерін жазып, арнайы құжаттарға тіркеп отыру;
  • психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.

                                                Психолог құқығы:

  • Оқушылармен және басқа талапкерлермен жүргізілетін  жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсілдерін дербес талдап, жұмыстардың кезегін анықтауға;
  • кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;
  • Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымдарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;
  • қажетті құжаттармен танысуға;
  • Психодиагностикалық, психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді іріктеп алуға және оларды дайындауға;
  • мектеп оқушыларын топтық және жеке зерттеулерден өткізуге;
  • медициналық және деффектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға;
  • Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық-психологиялық т.б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;
  • тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-әдістемелік көпшілік журналдарына материалдар жариялауға;
  • психологиялық білімдерді насихаттауға;
  • 240 сағат көлемінде нормативтік және факультативтік сағат алуға;
  • Оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беруге;
  • Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.