Педагог-психологтың жүргізген жұмыстарының есебі » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психологтың жүргізген жұмыстарының есебі
03
февраль
2022

Педагог-психологтың жүргізген жұмыстарының есебі

«Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектеп» КММ

педагог-психологының 2020-2021 оқу жылында   жүргізген

жұмыстарының есебі


Психологиялық  қызметтің 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспарына сүйене отырып,  қыркүйек айында диагностикалық бағыты  бойынша оқушылардың психологиялық – әлеуметтік жеке картасын дайындаудан басталды. Сұраныс бойынша жекелеген оқушылардың әлеуметтік жағдайлары зерттелді. Мектеп қабырғасына қабылданған 1 сынып оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік бағыт бойынша «Үйден оқытылатын» оқушылар есепке алынып, жеке карталары жасақталып түзету және дамыту жұмыстары жасалынды. 

Желтоқсан айында диагностикалық бағыты бойынша 1-2 сынып оқушыларының психологиялық мінез қырларын анықтау мақсатында “Психогеометриялық тест”, «Үйшік», «Моншақ»  әдістемелері арқылы тест жұмыстары алынып, оқушылардың мінез ерекшеліктері зерттелді. 

4 сынып оқушыларымен оқушылардың өздеріне сенімділіктерін арттыру мақсатында, “Мен бәрін білемін” тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. 

Үйден оқытылатын оқушылармен психологиялық қолдау, оқушылардың зейін, есте сақтау, таным қабілеттерін зерттеу бойынша тесттер, сауалнамалар, деңгейіне қарай тапсырмалар жургізілді. “Артық сөзді тап”, “10 айырмашылықты тап” әдістемелері бойынша тапсырмалар орындалды.

Қатер тобында тұрған оқушылармен жеке кеңестер жүргізіліп, депрессиялық деңгейлерін анықтау мақсатында «Кактус», «Мен  қандаймын» әдістемелері және «Менің отбасым», «Үйшік» әдістемелері алынды. Мазасыздық деңгейін төмендету мақсатында «Мейірімділік», «Мен ерекшемін», «Біз біргеміз» тренингтік жаттығулар жүргізілді.

Қаңтар айында 1-сынып мұғалімдерінен «Кәсіби-тұлғалық қасиеттерін анықтау» әдістемесі, 4-ші сынып оқушыларынан  А.Закк: «22 есеп» және «Сөздерді тап» анаграммасы алынды.

1 сынып оқушыларымн «Сиқырлы дүкен» «Қайталап айтып бер» жаттығулары жүргізілді.

 «Мен OFFLINE» акциясы өткізілді.

Ақпан айында 2-4 сыныпе оқушыларының ата-аналарынан «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие» сауалнамасы алынды.

1-ші сынып оқушыларынан «Жануарлыр мектебі», 3-ші сыныптардын «Жаңбыр астындағы адам» әдістемелері алынды.

2-ші сынып оқушыларының Зейінін дамыту мақсатында «Кедергілермен санау», «Зейіннің бөлінуі» жаттығуларын орындалды.

1-ші сынып оқуқшыларының ата-аналарымен «Ата-ана мен баланың қарым-қатынасын дамыту" мақсатында жаттығулар жүргізілді. 

Мектеп медбикелерімен бірлесіп «сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы өткізілді. Қатысқандар 5-9 сынып оқушылары.

Наурыз айында мектепалды даярлық топтарының есте сақтау, ойлау үрдістерін зерттеу мақсатында «Топтастыру», «Салыстыру», «Суретті аяқта», «менің көңіл-күйім» әдістемелері  жүргізілді.

Мектепшілік есепте тұрған оқушылармен “Әрқашан күн сөнбесін” тақырыбында түзету-дамыту сабақ өткізілді. Оқушыларды өзін-өзін ұстай білуге, кез-келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып, көмек көрсетуге үйретілді.

Сәуір айында 4-ші сынып оқушыларының орта буынға көшуіне байланысты «Қарым-қатынасты дамыту» тренингі жүргізілді. Оқушылардан «Кактус» әдістемесі алынды.

Мамыр айында Мектеп инспекторымен бірігіп “Құқық бұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында 5-11 класс оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Мектепте «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, онда түскен оқушылардың , басқа да жеке тұлғалардың ойларына , сұрақтарына жеке және топтық түрде жауаптар беріліп отырылды. Биылғы жылы барлығы «Сенім жәшігіне» – 14 хат түсті, барлығы оқушы тарапынан. «Сенім телефонына» хабар түскен жоқ.  Әр бір хатқа және қоңырауға уақытылы  кеңестер мен ұсыныстар жасалып, тіркеу журналына жазылды.

Әр тұлғаның ішкі жан дүниесін тыңдай отырып, психологиялық көмек беру мақсатында,  кеңес беру жұмыстары оқушылармен топтық және жеке  барлығы –120, ата аналар үшін – 12, педагогтер үшін- 12 әңгімелесулер мен кеңес жұмыстары жасалынды.