ХАТТАМА » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
февраль
2024

ХАТТАМА

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңақұрылыс ауылы                                   29.02.2024 ж


Педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының  № 7 хаттамасы


Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5 

Қатысқаны : 4 

Қатыспағаны :1


Күн тәртібінде: 

Бос лауазымдық орын: 

1/ бірлікте логопед лауазымы;

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 

1. Комиссия хатшысы   Б.С Шошабаева: 

Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына:

 1/ бірлікте психолог лауазымы;

1/ бірлікте логопед лауазымы;

1/ бірлікте әлеуметтік педагог лауазымдық орынындарына хабарлама жарияланғанын айтты. 

Хабарлама бойынша порталға психолог лауазымына тіркелмеді.  Логопед  мамандығына 1- үміткер, әлеуметтік педагог лауазымы бойынша 2-үміткер тіркелді.  

Конкурсқа әлеуметтік педагогқа тіркелген де 2 үміткердің де құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының 118 тармағында көрсетілген   құжаттары түгел емес және  үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келмегендіктен құжаттары қайтарылып беріліп, конкурсқа шақырылмады. 

Конкурсқа логопед мамандығына М.Ахметова келгенін айтып,  үміткермен әңгімелесу өткізуге және  құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.

Сөйлеушілер: 

1. Комиссия төрағасы Қ.У.Жандосова :

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдықтық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. 

2. Комиссия мүшесі М.Керимова үміткермен логопед мамандығының жұмыс түрлері мен алдына қойған мақсаттары туралы әңгіме жүргізді.

3. Комиссия мүшесі  А.Оспанова: 

   Үміткермен әңгіме жүргізіп, үміткердің   2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес  құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып, М.Ахметованың осы мамандық бойынша ешқандай жұмыс атқармағандықтан  1,5 балл алғанына тоқталды. 

Дегенмен үміткердің Шымкент қаласы оқу өндірістік орталығынан алған  мемлекеттік тіркеу номері № 0002808 лицензиясы негізінде   мектептің  өндірістік қажеттілігіне қарай жұмысқа  1- ай шартты мерзімде жұмысқа қабылдауды ұсынды. 


Шешімі :  

    Білім беру ұйымының директоры  К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған  үміткерді өндірістік қажеттілікке байланысты  1- ай шартты мерзімде жұмысқа қабылдауды ұсыну.

Комиссия төрағасы :                 Қ.У. Жандосова

Комиссия мүшелері :                А. Оспанова 

Л.Е. Оразбаева 

                                                    М. К. Уйкасова

                                                     М.Керимова



Комиссия хатшысы                 Б.С. Шошабаева  


Похожие публикации:

09 февраль 2024 ХАТТАМА
16 январь 2024 ХАТТАМА
12 декабрь 2023 ХАТТАМА
27 ноябрь 2023 ХАТТАМА