ХАТТАМА » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2023

ХАТТАМА

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңақұрылыс ауылы                                   12.12.2023 ж


Педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының  № 4 хаттамасы


Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5 

Қатысқаны : 5


Күн тәртібінде: 

Бос лауазымдық орын: 

1/ бірлікте педагог ұйымдастырушы лауазымы;


Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 

1. Комиссия хатшысы   Б.С Шошабаева: 

Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына педагог ұйымдастырушы бос лауазымдық орынына хабарлама жарияланғанын айтты. 

Хабарлама бойынша порталға 2 -үміткер тіркеліп, 2-де конкурсқа келгенін айтып,   үміткерлермен әңгімелесу өткізуге және   құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.

2. А.Қ. Нұрлыбек және Ж.Келгенбай өздерін таныстырып және  осы лауазымға келген мақсаттарымен таныстырып өтті. 

Сөйлеушілер: 

1. Комиссия төрағасы Б.М.Козбагарова:

     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдықтық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. 

2. Комиссия мүшесі   Г.Н. Апиева: 

Педагог ұйымдастырушы лауазымына А.Қ. Нұрлыбек және Ж.Келгенбаймен әңгімелесу барысында үміткердің педагог-ұйымдастырушы лауазымына байланысты міндеттері туралы сұрады. Алдарына қойған мақсат міндеттері туралы сөз қозғады.

3. Комиссия мүшесі  Г.А.Жуманова 

Әр үміткермен әңгіме жүргізіп, әр үміткердің  2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес  құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып, Ж.Келгенбай максималды  балдың –1 баллын ғана, ал А.Қ. Нұрлыбек 12,5 баллын алғанын айтты.Екі үміткерлердің ішінде   біліктілік талаптарына ең жақын А.Қ. Нұрлыбектің лайық екенін айтып өтті.

Комиссия төрағасы Б.М.Козбагарова:  

А.Қ. Нұрлыбекті конкурстан өтті деп есептеп, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша   А.Қарсақбаев атындағы орта   мектебінің директоры  К.Т. Тлеукуловқа үміткерді осы педагог ұйымдастырушы лауазымына  ұсынылғанын айтты.


Шешімі :  

    Білім беру ұйымы директоры  К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған  үміткерді тұрақты  жұмысқа тағайындауға ұсынылсын.

Комиссия төрағасы                  Б.М.Козбагарова

Комиссия мүшелері :                Г.Н. Апиева

Л.Е. Оразбаева 

                                                     Н.У.Сапарбекова 

                                                     Г.А.Жуманова 



Комиссия хатшысы                 Б.С. Шошабаева