ХАТТАМА » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2023

ХАТТАМА

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңақұрылыс ауылы                                   27.11.2023 ж


Педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының  № 3 хаттамасы


Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 7 

Қатысқаны : 7


Күн тәртібінде: 

Бос лауазымдық орын: 

1/ бірлікте ДТІЖО лауазымы;

1/ бірлікте биология  пәні;

1/ бірлікте көркем еңбек   пәндері мамандығы бойынша   конкурс өткізу туралы.


Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия хатшысы    Б.С Шошабаева: 

Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына бос лауазымдық орындарға ДТІЖО лауазымына және биология, көркем еңбек пәндеріне хабарлама жарияланғанын айтты. Хабарлама бойынша порталға ДТІЖО 3 -үміткер, биология пәніне 8, көркем еңбек пәніне 1-үміткер тіркеліп, биология пәніне тіркелген 5 үміткер орналасқан мекен жайлары алыс (3) және магистрант(2), ал ДТІЖО өздерінің ауызша конкурсқа қатыспайтындығын мәлімдеп,  конкурсқа ДТІЖО 1 -үміткер, биология пәніне 3, көркем еңбек пәніне 1-үміткер келгенін айтып,  үміткерлердің құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.


Сөйлеушілер: 

1. Комиссия төрағасы К.У.Жандосова 

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдықтық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. 

2. Комиссия мүшесі   Г.Н. Апиева: ДТІЖО лауазымы бойынша бір ғана үміткер Н.У.Сапарбековамен әңгімелесу барысында жас маманның педагог-ұйымдастырушы лауазымы қызметінде өте көп жұмыс атқарғанын атап өтті. Бағалау парағы бойынша 13,5 балл алғанын айтып, ДТІЖО лауазымына тағайындауға ұсыныс берді. 

.

3. Комиссия мүшесі  Г.А.Жуманова 

Биология  пәні бойынша үш үміткермен әңгіме жүргізіп, әр үміткер бағалау парағы бойынша неше балл жиналғанына тоқталды. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес   құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып, Н.К. Айдаулетова  максималды  балдың –3,5 баллын,Е. Досан 7,5 баллын,Ұ.А.Битан 2,5балл алғанын айтты.Үміткерлердің ішінде  біліктілік талаптарына ең жақын Е.Досанның лайық екенін айтып өтті.

3. Комиссия мүшесі   А.Т.Жахаева 

Көркем еңбек пәні мамандығы бойынша келген үміткер Г.Н. Кыдырбаеваның оқыған екі мамандығы да осы лауазымға қатысты екеніне тоқталды. Бағалау парағы бойынша 7,5 балл алғанын айтып, осы лауазымға келген үміткерді көркем еңбек пәні мұғалімі ретінде қабылдауға ұсынды. 

Комиссия төрағасы К.У.Жандосова:  

ДТІЖО лауазымына Н.У.Сапарбекова, биология пәніне Е.Досан, көркем еңбек пәніне Г.Н.Кыдырбаеваны конкурстан өтті деп есептеп, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша  А.Қарсақбаев атындағы орта  мектебінің директоры  К.Т. Тлеукуловқа үміткерлерді осы лауазымдар бойынша  ұсынылғанын айтты.


Шешімі :  

    Білім беру ұйымы директоры  К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған  үміткерлерді тұрақты  жұмысқа тағайындауға ұсынылсын.

Комиссия төрағасы                  К.У. Жандосова 

Комиссия мүшелері :                Г.Н. Апиева

                                                      А.Т. Жахаева 

                                                      М. К. Уйкасова

                                                      Г.М. Козбагарова

  Г.А.Жуманова

                                                       А.Е.Исмайлова 

Комиссия хатшысы                   Б.С. Шошабаева