ХАТТАМА » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2024

ХАТТАМА

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңақұрылыс ауылы                                   16.01.2024 ж


Педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының  № 5 хаттамасы


Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5 

Қатысқаны : 5


Күн тәртібінде: 

Бос лауазымдық орын: 

0,5/ бірлікте тарих пәні лауазымы;


Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 

1. Комиссия хатшысы   Б.С Шошабаева: 

Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына логопед, орыс тілі, тарих пәндері мұғалімдеріне бос лауазымдық орынына хабарлама жарияланғанын айтты. 

Хабарлама бойынша порталға логопед, орыс тілі пәндеріне ешқандай үміткерлер тіркелмегенін, ал  тарих пәні бойынша 2 -үміткер тіркеліп және 1- үміткер телефон арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдіргеніні туралы айтты. 2-үміткер жеке басына байланысты келе алмады, 1-үміткер  конкурсқа келгенін айтып,  үміткермен әңгімелесу өткізуге және  құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.

2. Г.М.Сагынбаева өзін таныстырып және  осы лауазымға келген мақсаттарымен таныстырып өтті. 

Сөйлеушілер: 

1. Комиссия төрағасы Б.М.Козбагарова:

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдықтық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. 

2. Комиссия мүшесі   А.Т.Жахаева: 

Тарих пәні мұғалімі лауазымына  Г.М.Сагынбаевамен әңгімелесу барысында үміткердің   тарих пәні мұғалімі лауазымына байланысты міндеттері туралы сұрады. Тарих пәні мұғалімі ретінде алдарына қойған мақсаты туралы сөз қозғады.

3. Комиссия мүшесі  Г.А.Жуманова: 

   Үміткермен әңгіме жүргізіп, үміткердің   2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес  құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып, Г.М.Сагынбаеваның  максималды   балдың – 3,5 бал екенін айтып өтті.

Комиссия төрағасы Б.М.Козбагарова:  

Г.М.Сагынбаеваның осы уақытқа дейін мамандығы бойынша жұмыс жасамағындықтан ешқандай тәжірибесі жоқ екеніне тоқталып өтті.Осы мәліметтерге сүйене отырып,  өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша сынақ мерзіміне мектеп директоры К.Т.Тлеукуловқа үміткерді тарих пәні мұғалімі лауазымына  ұсынылғанын айтты.


Шешімі :  

    Білім беру ұйымының директоры  К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған  үміткерді өндірістік  қажеттілікке байланысты сынақ мерзімін бекітіп, уақытша  жұмысқа тағайындауға ұсынылсын.

Комиссия төрағасы :                 Б.М.Козбагарова

Комиссия мүшелері :                А.Т.Жахаева

Л.Е. Оразбаева 

Н.У.Сапарбекова 

                                                     Г.А.Жуманова 



Комиссия хатшысы                 Б.С. Шошабаева