ХАТТАМА » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2024

ХАТТАМА

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңақұрылыс ауылы                                   09.02.2024 ж


Педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының  № 6 хаттамасы


Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5 

Қатысқаны : 5


Күн тәртібінде: 

Бос лауазымдық орын: 

1/ бірлікте психолог лауазымы;

1/ бірлікте логопед лауазымы;

1/ бірлікте әлеуметтік педагог лауазымы;

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 

1. Комиссия хатшысы   Б.С Шошабаева: 

Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына:

 1/ бірлікте психолог лауазымы;

1/ бірлікте логопед лауазымы;

1/ бірлікте әлеуметтік педагог лауазымдық орынындарына хабарлама жарияланғанын айтты. 

Хабарлама бойынша порталға логопед лауазымы бойынша үміткерлер тіркелмегенін, ал   психолог және әлеуметтік педагог лауазымы бойынша әр мамандықтан 1 -үміткерден тіркеліп конкурсқа келгенін айтып,   үміткермен әңгімелесу өткізуге және   құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.

Сөйлеушілер: 

1. Комиссия төрағасы Л.Е. Оразбаева :

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдықтық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. 

3. Комиссия мүшесі  Г.А.Жуманова: 

   Үміткермен әңгіме жүргізіп, үміткердің   2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес  құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып, психолог лауазымына  Д.М. Конакбаеваның дипломы бойынша  «Тәрбиеші психолог» екенін баса айта отырып және әлеуметтік педагог лауазымына Н.Б. Туленованың №338 бұйрықтың 74 тармағында көрсетілген біліктілігіне сәйкес емес екеніне тоқталып үміткерлерді аталған лауазым бойынша қабылдамауды ұсынды. 

Комиссия төрағасы Б.М.Козбагарова:  

Д.М. Конакбаеваны психолог лауазымына және    Н.Б. Туленованы әлеуметтік педагог мамандығы лауазымына мектеп директоры К.Т.Тлеукуловқа үміткерлерді жұмысқа қабылдамауды ұсынылғанын айтты.


Шешімі :  

    Білім беру ұйымының директоры  К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған  үміткерлерді жұмысқа қабылдамауды ұсыну.

Комиссия төрағасы :                 Б.М.Козбагарова

Комиссия мүшелері :                А. Оспанова 

Л.Е. Оразбаева 

                                                    М. К. Уйкасова

                                                     Г.А.Жуманова 



Комиссия хатшысы                 Б.С. Шошабаева  

Похожие публикации:

16 январь 2024 ХАТТАМА
12 декабрь 2023 ХАТТАМА
27 ноябрь 2023 ХАТТАМА
03 февраль 2022 Педагог - психолог