Лауазымдық міндеттері » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2022

Лауазымдық міндеттері

Лауазымдық   міндеттері

        Айдабосынова Гульнур Серикбаевна – әлеуметтік педагог 

Жұмыс уақыты 08.00-18.00. Үзіліс 12.00-14.00

  • 1.Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді. 
  • 2.Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу, жеке тұлға ретінде дамыту.
  • 3.Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларын зерттейді.
  • 4.Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.
  • 5.Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
  • 6.Әлеуметтік-педагогикалық диагностика, әдістемесін анықтайды.
  • 7.Патронот бойынша тұрғын үй, зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді.
  • 8.Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды.
  • 9.Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен және әлеуметтік қызметкермен байланысын ұйымдастыру.
  • 10.Мұғалімдермен, ата-аналар мен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. 
  • 11.Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді. 
  • 12.Қажетті құжаттар мен жұмыс (жылдық жоспар, әртүрлі категориядағы балалар мен отбасы туралы мәліметтер банкін құру, ата-ана кеңес беру және үйіне баруын тіркеу туралы журнал арнау)
  • 13.Мектептің әлеуметтік паспортын жасақтау;
  • 14.Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар үшін кеңес беру және лектория ұйымдастыру
  • 15.Әлеуметтік-педагогикалық тәрбие мен әлеуметтік-педагогикалық қорғау міндетін шешуші мекемелермен өзара байланыс жасау (денсаулық сақтау СПИД орталықтары, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және т.б. мекемелері мен мамандары және т.б.)
  • 16.Әлеуметтік қорғалмаған оқушылар категориясын анықтау (қамқорлықтағы балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, девиянтық мінез-құлықты оқушылар)
  • 17.Бірінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік психологиялық зерттеу.
  • 18.Бесінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау
  • 19.Мүгедек балалардың денсаулығына мониторинг жүргізу
  • 20.Балалардың әлеуметтену деңгейін анықтау (сыртқы ортаға кірісе алуы, жоғары сынып оқушыларының құүндылық бағдары мен өмірлік маңызы бар жоспарларын мектептің іске асыру дәрежесі)
  • 21.Мектептегі әлеуметтік-психологиялық ахуалын бағалау (педагогтардың тұлғааралық және кәсіптік деңгейдегі қарым-қатынасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқушылар мен оқушылар,   мектеп пен отбасы арасындағы   қарым-қатынас, біртұтас ұжымның қалыптасу деңгейі (ұйымщылдығы, бір-біріне көмекке келуге дайындығы));
  • 22.Мектептің әлеуметтік-мәдени жағдайын бағалау (оқушыны жалпы мәдени дүниетанымын дамыту және оқытушының бос уақытын ұйымдастыру бойынша мектеп қызметін бағалау).
  • 23.Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуіне бақылау жасайды.
  • 24.Сәтсіз отбасылармен жұмыстар ұйымдастырады.
  • 25.Жалпыға бірдей білім қоры қаржысын мақсатты жұмсау қамтамасыздығын орындау.
  • 26.Ыстық тамақ бойынша ұйымдастырылатын шараларға жауап беру
  • 27.Жетім , жартылай жетім, әл-аухаты төмен, көпбалалы жанұя балаларына қамқорлық көрсету шараларын ұйымдастыру
  • 28. «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акцияларын ұйымдастырып өткізу