Хаттама » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сентябрь
2024

Хаттама

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңақұрылыс ауылы                                   26.09.2024 ж


2024-2025 оқу жылына педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының  

№ 4 хаттамасы


Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5 

Қатысқаны : 4

Қатыспағаны : 1


Күн тәртібінде: 


1/ бірлікте: технология және ағылшын тілі пәндері бойынша  бос лауазымдық орындарға үміткерлерді конкурстан өткізу.

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 

Комиссия хатшысы    Б.С Шошабаева

Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына:

1/ бірлікте: кітапханашы, арнайы маман логопед, технология және математика пәндері бойынша бос  лауазымдық орынындарына хабарлама жарияланғанын айтты. 

Хабарлама бойынша порталға  бос лауазым бойынша үміткерлер   тіркелді, бірақ конкурсқа екі пәннен бір-бірден ғана үміткерлер келді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген  келген үміткерлермен әңгімелесу өткізуге және  құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.

Сөйлеушілер: 

  1. Комиссия мүшесі М.Уйкасова:

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: Оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. Келген үміткерлермен біліктілік талаптарына байланысты сұрақтармен әңгіме жүргізді. 

2.  Комиссия төрағасы  Б.М. Қозбағарова:

Үміткерлерді 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес  құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып: ағылшын тілі  пәні бойынша   Жансейтова Сания Кенжебекқызы   бағалау парағы бойынша  8,5 балл және Джазыкпаева Шолпан Саулембековна 14,5 балл алғанына тоқталды. 

Осы үміткерлермен әңгімелесу барысында жинаған балдарына қарай ағылшын тілі  пәні бойынша   С. К.  Жансейтова  және Ш. С. Джазыкпаеваны конкурс нәтижесі бойынша өндірістік қажеттілікке байланысты   жұмысқа қабылдауды мектеп директорына ұсынды. 

3. Комиссия мүшесі   А.Оспанова жоғарыда аталған  үміткерлерге өз  мамандықтарына сәйкес екендігін дәлелдеуге  мүмкіндік беріп, мектеп директорына жұмысқа қабылдауды ұсынуға бірауыздан қолдайтынына тоқталды.

Шешімі :  

    Абдолла Қарсақбаев атындағы  орта мектебінің директоры  К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған  үміткерлерді жұмысқа қабылдауды ұсыну.

Комиссия төрағасы :                 Б.М. Қозбағарова

Комиссия мүшелері :                А. Оспанова 

                                                     Н.У. Сапарбекова

                                                 А.А. Абдыхалыкова 


Комиссия хатшысы                 Б.С. Шошабаева  

Похожие публикации:

17 сентябрь 2024 ХАТТАМА
29 август 2024 ХАТТАМА
20 август 2024 ХАТТАМА
09 февраль 2024 ХАТТАМА
27 ноябрь 2023 ХАТТАМА