ХАТТАМА » А.Қарсақбаев атындағы ОМ КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
август
2024

ХАТТАМА

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жаңақұрылыс ауылы                                   29.08.2024 ж


2024-2025 оқу жылына педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының  

№ 2 хаттамасы


Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5 

Қатысқаны : 5 

Қатыспағаны : жоқ


Күн тәртібінде: 


1/ бірлікте: музыка, педагог- ұйымдастырушы; ағылшын тілі,

2/бірлікте: информатика, технология (ұлдар, қыздар), 2/ бірлікте орыс тілі пәндері бойынша  бос лауазымдық орындарға үміткерлерді конкурстан өткізу.

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 

1. Комиссия хатшысы   Б.С Шошабаева: 

Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына:

1/ бірлікте: музыка, ағылшын; педагог- ұйымдастырушы;

2/бірлікте: информатика, технология (ұлдар, қыздар), ағылшын тілі, орыс тілі пәндері бойынша бос  лауазымдық орынындарына хабарлама жарияланғанын айтты. 

Хабарлама бойынша порталға барлық бос лауазым бойынша үміткерлер   тіркелгенмен технология мен музыка пәні бойынша құжаттарын өтізбеді, конкурсқа келмеді.

Қалған   конкурсқа қатысуға ниет білдірген   ағылшын,  орыс тілі, информатика пәндері және педагог ұйымдастырушы бойынша   келген үміткерлермен әңгімелесу өткізуге және  құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.

Сөйлеушілер: 

  1. Комиссия мүшесі Л. Оразбаева:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. Келген үміткерлермен біліктілік талаптарына байланысты сұрақтармен әңгіме жүргізді. 

2.  Комиссия төрағасы  Б.М. Қозбағарова:

Үміткерлерді 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес  құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып: орыс тілі  пәні бойынша  Алдыжанова Роза Кемельбаевна  бағалау парағы бойынша  10 балл,    Айсадыкова Акбопе Дуйсеналиевна 7 балл,Қуатқанова Баян Ерболатқызы 7 балл, ағылшын тілі  мамандығы бойынша Тлеуберден Тәбия Ермекқызы 10 балл, Келгенбай Жанбота 1 балл, 3 балл,  информатика пәні бойынша Аралбай Сымбат Алғабайқызы 7 балл, Шияпов Шамиль Мауленжанович 10балл және педагог- ұйымдастырушы лауазымына Шалимбетов Алпыс Бейсенкулович 2 балл, Конеева Куралай Хайролаевна12 балл   алғанына тоқталды. 

Осы үміткерлермен әңгімелесу барысында және жинаған балдарына қарай:   орыс тілі  пәні бойынша   Р. К.  Алдыжанова, А. Д. Айсадыкова, Б. Е. Қуатқанова, ағылшын тілі  мамандығы бойынша Т. Е. Тлеуберден, информатика пәні бойынша С. А. Аралбай, Ш.М. Шияпов   және педагог- ұйымдастырушы лауазымына К.Х. Конееваны  конкурс нәтижесі бойынша жұмысқа қабылдауды мектеп директорына ұсынды. 

3. Комиссия мүшесі   А.Оспанова жоғарыда аталған  үміткерлерге өз  мамандықтарына сәйкес екендігін дәлелдеуге  мүмкіндік беріп, мектеп директорына жұмысқа қабылдауды ұсынуға бірауыздан қолдайтынына тоқталды.

Шешімі :  

    Абдолла Қарсақбаев атындағы  орта мектебінің директоры  К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған  үміткерлерді жұмысқа қабылдауды ұсыну.

Комиссия төрағасы :                 Б.М. Қозбағарова

Комиссия мүшелері :                А. Оспанова 

Л.Е. Оразбаева 

                                                    Н.У. Сапарбекова

                                                 А.А. Адыхалыкова 

Комиссия хатшысы                 Б.С. Шошабаева  


Похожие публикации:

20 август 2024 ХАТТАМА
26 март 2024 ХАТТАМА
09 февраль 2024 ХАТТАМА
12 декабрь 2023 ХАТТАМА
27 ноябрь 2023 ХАТТАМА