ХАТТАМА
«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаңақұрылыс ауылы 20.08.2024 ж
2024-2025 оқу жылына педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының
№ 1хаттамасы
Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5
Қатысқаны : 5
Қатыспағаны : жоқ
Күн тәртібінде:
1/ бірлікте: физика,музыка,ағылшын, дене шынықтыру, қазақ тілі
2/бірлікте :информатика,технология(ұлдар, қыздар), орыс тілі бос лауазымдық орындарға үміткерлерді конкурстан өткізу.
Тыңдалды :
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
1. Комиссия хатшысы Б.С Шошабаева:
Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына:
1/ бірлікте: физика, музыка, ағылшын, дене шынықтыру, қазақ тілі, 2/ бірлікте: информатика, технология(ұлдар, қыздар), орыс тілі пәндері бойынша бос лауазымдық орынындарына хабарлама жарияланғанын айтты.
Хабарлама бойынша порталға барлық бос лауазым бойынша үміткерлер тіркелгенмен информатика мен музыка пәні бойынша құжаттарын өтізбеді, конкурсқа келмеді.
Қалған конкурсқа қатысуға ниет білдірген физика, ағылшын, дене шынықтыру, қазақ тілі, технология, орыс тілі пәндері бойынша келген үміткерлермен әңгімелесу өткізуге және құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.
Сөйлеушілер:
- Комиссия мүшесі Л. Оразбаева:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады. Келген үміткерлермен біліктілік талаптарына байланысты сұрақтармен әңгіме жүргізді.
2. Комиссия төрағасы Б.М. Қозбағарова:
Физика пәні мамандығы бойынша екі үміткер 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып: физика пәні бойынша Жалиева Назерке Онталапқызы бағалау парағы бойынша 2,5 балл, ал Абдрахманова Эльнара Бақытжанқызы 8 балл, технология пәні бойынша Жұмабек Әйгерім Жаңабайқызы 13 балл, ағылшын тілі мамандығы бойынша Әлсейіт Жанира 4 балл, Бөрке Табия Ермекқызы 2 балл, қазақ тілі пәні бойынша Бектаева Арай Манасқызы10,5 балл, Кәкің Сымбат 6 балл, Айменбетова Айгерим Токтамысовна 3 балл, орыс тілі пәніне Кудайберген Арайлым Бауыржанқызы 8 балл, дене шынықтыру пәні бойынша Тоқжігіт Мейір Ғалымұлы5,5 балл, Баграмов Талғат Сәкенұлы 8 балл алғанына тоқталды.
Осы үміткерлермен әңгімелесу барысында және жинаған балдарына қарай: физика пәні бойынша Э.Б. Абдрахманованы, ағылшын тілі мамандығы бойынша Ж. Әлсейітті, қазақ тілі пәні бойынша А. М.Бектаеваны, орыс тілі пәніне А. Б. Кудайбергенді, дене шынықтыру пәні бойынша М. Ғ. Тоқжігітті мектеп директорына жұмысқа қабылдауды ұсынды.
3. Комиссия мүшесі А.Оспанова жоғарыда аталған үміткерлерге өз мамандықтарына сәйкес екендігін дәлелдеуге мүмкіндік беруге мектеп директорына жұмысқа қабылдауды ұсынуға бірауыздан қолдайтынына тоқталды.
Шешімі :
Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебінің директоры К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған үміткерлерді жұмысқа қабылдауды ұсыну.
Комиссия төрағасы : Б.М. Қозбағарова
Комиссия мүшелері : А. Оспанова
Л.Е. Оразбаева
Н.У. Сапарбекова
А.А. Адыхалыкова
Комиссия хатшысы Б.С. Шошабаева