ХАТТАМА
«Коммунальное государственное учреждение Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» Управления образования Алматинской области
Жаңақұрылыс ауылы 09.02.2024 ж
Педагогтерді лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия отырысының № 6 хаттамасы
Қатысуға тиісті комиссия мүшелері : 5
Қатысқаны : 5
Күн тәртібінде:
Бос лауазымдық орын:
1/ бірлікте психолог лауазымы;
1/ бірлікте логопед лауазымы;
1/ бірлікте әлеуметтік педагог лауазымы;
Тыңдалды :
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
1. Комиссия хатшысы Б.С Шошабаева:
Мектеп сайтына және «ЕҢБЕК KZ» порталына:
1/ бірлікте психолог лауазымы;
1/ бірлікте логопед лауазымы;
1/ бірлікте әлеуметтік педагог лауазымдық орынындарына хабарлама жарияланғанын айтты.
Хабарлама бойынша порталға логопед лауазымы бойынша үміткерлер тіркелмегенін, ал психолог және әлеуметтік педагог лауазымы бойынша әр мамандықтан 1 -үміткерден тіркеліп конкурсқа келгенін айтып, үміткермен әңгімелесу өткізуге және құжаттарын қарауға комиссия мүшелеріне ұсынды.
Сөйлеушілер:
1. Комиссия төрағасы Л.Е. Оразбаева :
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдықтық біліктілік сипаттамаларына сәйкес: оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын, оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру туралы мағлұматы бар екеніне тоқталды. Үміткердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарады.
3. Комиссия мүшесі Г.А.Жуманова:
Үміткермен әңгіме жүргізіп, үміткердің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес құжаттарын қарап, бағалау парағына сүйене отырып, психолог лауазымына Д.М. Конакбаеваның дипломы бойынша «Тәрбиеші психолог» екенін баса айта отырып және әлеуметтік педагог лауазымына Н.Б. Туленованың №338 бұйрықтың 74 тармағында көрсетілген біліктілігіне сәйкес емес екеніне тоқталып үміткерлерді аталған лауазым бойынша қабылдамауды ұсынды.
Комиссия төрағасы Б.М.Козбагарова:
Д.М. Конакбаеваны психолог лауазымына және Н.Б. Туленованы әлеуметтік педагог мамандығы лауазымына мектеп директоры К.Т.Тлеукуловқа үміткерлерді жұмысқа қабылдамауды ұсынылғанын айтты.
Шешімі :
Білім беру ұйымының директоры К.Т. Тлеукуловқа жоғарыда аты аталған үміткерлерді жұмысқа қабылдамауды ұсыну.
Комиссия төрағасы : Б.М.Козбагарова
Комиссия мүшелері : А. Оспанова
Л.Е. Оразбаева
М. К. Уйкасова
Г.А.Жуманова
Комиссия хатшысы Б.С. Шошабаева